ҚазақшаРусскийEnglish (United Kingdom)
News Feeds:
СМИ о нас PDF Печать E-mail
Автор: Administrator   
05.07.2011 21:00

Пресса

www.aikyn.kz/interviews/view/47856


http://www.egemen.kz/266-%D1%81%D0%B0%D0%BD%D1%8B-%D0%B6%D0%B0%D1%80%D1%8B%D2%9B-%D0%BA%D3%A9%D1%80%D0%B3%D0%B5%D0%BD-%D2%9B%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B-%D0%B3%D0%B0%D0%B7%D0%B5%D1%82%D1%96%D0%BD%D1%96%D2%A3/

http://www.egemen.kz/%D2%B1%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%B7-%D2%B1%D0%BB%D0%B0%D2%93%D0%B0%D1%82%D1%8B/

http://www.egemen.kz/%D0%BC%D0%B0%D1%85%D0%B0%D0%B1%D0%B1%D0%B0%D1%82-%D0%B6%D0%B0%D1%80%D1%88%D1%8B%D1%81%D1%8B-%D3%99%D0%B7-%D0%B0%D2%93%D0%B0/

http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=19168&Itemid=65

http://www.astana-akshamy.kz/?p=6621

http://www.egemen.kz/2013/01/01/353685/

http://www.egemen.kz/2012/09/27/347042/

http://www.egemen.kz/2012/06/26/339626/

http://nurastana.kz/?p=6936

http://nurastana.kz/?p=8360

http://www.turkystan.kz/page.php?page_id=35&id=4093

http://www.baq.kz/blog/article/1761

http://www.turkystan.kz/page.php?page_id=33&id=8453

http://baq.kz/blog/article/3220

http://www.nurshaihov.kz/kz/muratbek-tokgazin.html

http://qogam.kz/aleumet/ense-tikter-30-payyizdyik-usteme/

http://www.egemen.kz/2010/06/03/7795/

http://meta.kz/novosti/kazakhstan/779109-dekan-zhurfaka-enu-prizyvaet-zhurnalistov-k-otvetstvennosti.html

http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=14357&Itemid=44

 

Телевизия

«Асыл сөз құдіреті» журналистер байқауының жеңімпаздары марапатталды

http://www.khabar.kz/kaz/culture/Asil_soz_kudireti_zhurnalister_bajkauinin_zhenimpazdari_marapattaldi.html/2013-01-04

«Замандас» бағдарламасының кейіпкері – Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің деканы, Қазақстанның мәдениет қайраткері Қайрат Сақ

http://www.24.kz/index.php/telezhobalar/zamandas/4

 

Радио

http://kazradio.kaztrk.kz/kaz/guest/Tikelej_efirde_-_Namazali_Omashev_id1351673413.html

http://kazradio.kaztrk.kz/kaz/news/guest/Tikelej_efirde_-_Kajrat_Omirbajuli_Sak_id1361519556.html

 

 

 

 

 


 

 


 

 


 

 

Оңайгүл ТҰРЖАН: БІЗДІҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗ – ҰЛТЫМЫЗДЫ ҚОРҒАП ТҰРАТЫН АНТИВИРУС

 

03 Қараша 2011, 16:08 Басып шығару

«ҚЫЗ ЖІБЕК» ФИЛЬМІН КӨРІП АУЫРЫП ҚАЛДЫМ
-Оңайгүл апай, ақынды өзі жазған өлеңінен бөліп алудың реті жоқ шығар. Бұл сұхбатымыздың өзегін сондықтан да сіздің қаламыңыздан шыққан жыр шумақтарынан алып отырмын. «Құлататын да сол арман, жылататын да сол арман. Жұбататын да сол арман, сол арман барда, жоғалман!» дейсіз өлеңде. Өмірде ше? Бала арманыңыз қандай еді, ақиқатқа айналды ма?
-Жылатқан да, жұбатқан да арманым бар еді. Яғни, ол – киноактриса болу. 1960 жылы болуы керек, мен 4-5 жастың шамасында едім, Маңғыстаудың Уәлі деген жерінде Қазақстанның 40 жылдық тойы өтті. Сол тойда Атырау облыстық драма театры далаға сахна орнатып, «Қозы Көрпеш – Баян сұлуды» қойды. Анамның қасында тапжылмай отырып, спектакльді көрдім. Сонда Қодардың Қозыны өлтірген жері әлі көз алдымда. 6-сыныпта оқып жүргенде «Жаңа фильм» журналына жазылып, соны басынан аяғына дейін оқитынмын. Осы журналдан Мәскеуде Щепкин атындағы театр училищесі дегеннің бар екендігін, мұнда киноактерлар даярланатынын біліп, есім кетті. Ал 9-сынып оқып жүргенде жаңадан түсірілген «Қыз Жібек» фильмін көріп, арманыма тезірек жетуге асыққаным соншалық, ауырып қалдым. Ештеңеге зауқым соқпай, түнімен жылап шыққан кездерім де болды. Неге ауырып жатқанымды үй ішіндегілерге айта алмадым. Кейбір кинолардағы кейіпкерлердің тағдырына кәдімгідей қайғырып, мең-зең күй кешетін әдетім бұрын да бар еді. Сөйте тұра, жеме-жемге келгенде әдебиетке бұрылып кеттім. Үлкен ағама актриса болғым келетіндігін айтқан кезімде, ол шошып кетіп еді, шамасы сол сөз мені де шошындырып жіберді ғой деймін. Әртіс болып кетпегеніме әлі күнге дейін қуанамын.
-Кәсіби артист болсаңыз, оның несі жаман?
-Мәселе жамандығында емес, әрбір кейіпкерімнің тағдырына қайғырып отырсам, нем қалады. Оның үстіне әртіс болсам, өлең жазбай кетер ме едім, қайтер ем? Поэзияда кереметтей бір іс тындырып тастамасам да, өлеңсіз өмір маған қазір бір түрлі суық сияқты көрінеді.
- Ауыл менен дарын деген бiр есiм,
Солар барда шаттанасың, күлесiң.
Қайғы шегiп, мұң арқалап, баз кешiп,
Түңiлгендер ауылға кеп түнесiн.
Қазаққа Оңайгүлдей бір өзі ақын, ғалым, журналист, аудармашы, ұстаз сынды бірнеше қасиеттердің иесін сыйлаған ауылыңыз қандай еді? Бүгін қандай? Ауылға жиі барып тұрасыз ба?

-Ауылға жиі барамын. Ауылым – Маңғыстаудың Шетпе деген жері. Ол жерде 90-ға келіп отырған анам бар. Туған-туысқандарым бар. Шерқала, Отпан тау деген тауларым бар. Балалық шағым бар. Соларға 5-6 ай бармай кетсем, біртүрлі болып жүремін және ауылына 2-3 жылдап бармай кететіндерге таңқаламын. Маңғыстауға барғанда мен өзімді шексіз кеңістікке шыққандай сезінемін. Өлең де негізінен ауылға келгенде жазылады.

МАХАМБЕТТІҢ ӨЛЕҢІНІҢ ӨЗІ БІР КӨТЕРІЛІС

- Оңайгүл апай, сіз ақын ғана емес, махамбеттанушы ғалымсыз да. Ендігі әңгімені осы тұрғыға қарай бағыттасақ. «Махамбеттiң басын кескен жаулар, тоқтатпаса арам шөптей қаулар. Бұл - соларды тұрмастай етiп көмем деп, құм болуға дейiн шегiнiс жасаған таулар!», - дейсіз Нарын құмын жырға қосқан бір өлеңіңізде. Тәуелсіз елдің текті ұрпақтары ретінде біз бүгінде Махамбетті қаншалықты тани алдық? Махамбеттанудың ашылмаған парақтары бар ма?
-Махамбет әлемі – нейролингвистикалық тұрғыдан да, тұжырымдамалық тұрғыдан да шексіз зерттеле беруге қабілетті әлем. Бұрынғы зерттеулердің барлығы дерлік үлкен зерттеулерге қарай ашылған ұлы қақпа. Яғни, деректер базасы, яғни, Менделеев кестесі сияқты, Махамбеттанудың кестесі. Олар соны жасауға ғана үлгерген және саяси жағдай соған ғана мүмкіндік берген. Сөйтіп олар бізге қайда не бар екендігін көрсетіп кетті. Ал бұл – махамбеттану мәселесінің аса маңызды қажеттілігі еді. Зерттеу барысында менің соған көзім жетті. Махамбеттікі тек поэзия ғана емес, ол сол көтерілістің өзіндік теориясы.
- Сіздің зерттеуіңіз деректер базасының қызметін атқара ала ма?
- Жоқ. Деректер базасын жасау деген кез келген адамның қолынан келетін шаруа емес. Мен алдыңғылар жасап кеткен деректер базасын молынан пайдаланып, оның көркемдік теориясын екшеуге тырыстым. Сонда менің тағы бір көз жеткізгенім – Махамбеттің өлеңінің өзі бір көтеріліс. Сосын бұрынғылар жасап үлгермеген тағы бір базаны, яғни, Махамбет поэзиясының сөздік қорының кестесін өз әлімше жасап шықтым. Оның қанша сөз қолданғандығын, ол сөздердің қаншасы зат есім, қаншасы сын есім немесе қаншасы етістік деген сияқты жіктеулерді де кестеге салып қойған болдым. Ендігі міндет сол деректер базасын ғылыми тұрғыдан ашу. Сөйтіп махамбеттанудың ішкі әлеміне ену.
-Ал ол неге керек?
-Біз қазақ зерттеушілері ретінде өзіміздің қандай тереңдіктерге дейін бара алатындығымызды дәлелдеуіміз үшін керек.
-Тек сол үшін ғана ма?
-Бұл - болашақ зерттеушілердің одан сайын тереңдеуіне жол ашады, тереңдіктің адамды одан сайын тарта беретін қасиеті бар. Сартр деген ойшылдың «құдыққа үңіліп қарай берсең, ол сені өзіне тартып әкетеді» дейтін тұжырымы бар. Мұны тура мағынасында да түсінуге болады, яғни, «құдыққа үңілсем, ішіне түсіп кетеді екенмін» деп, бірақ Сартр – философ. Ол бұл тұжырымын ой тереңдігінің өзіне тартып тұратын қасиетін ашу үшін айтқан деп ойлаймын. Перельман деген ресейлік данышпан-математик айтады «бізді ұстаздарымыз абстрактылы ойлар ойлауға жаттықтыра беретін» дейді. Бұл – жастарды қатып қалған қағидалардың апанынан шығарудың бір тәсілі. «Жолдастарым, мұңайма» дегені жолдастарын мұңаймауға шақырғаны» деген сияқты зерттеулер көбейіп кетті соңғы кезде, мұндайлармен жастардың басын қатырмау керек. Жалпы біз жастарға өз пікірлерімізді тықпалай бермеуіміз керек. Олар жаңа заманның адамдары. Жаңаша ойлауынан жаңылдырып жіберсек, олар көнелерді, яғни, бұрынғыларды түсіне алмай қалады, тіпті келе жатқан жолынан жаңылып қалады. Адасу деген содан басталады.
-Сіз бір сұхбатыңызда «Махамбет маған жаңа дәуірдің адамы сияқты елестейді» деген едіңіз...
- Ол өз дәуіріне сия алмаған адам. Махамбеттің энергетикасы аса қуатты. Ол қуат бүгінгі таңға аса қажет. Біз сол энергетиканы тасымалдаушылар қызметін атқаруға тиіспіз. Мен Махамбет туралы зерттеу еңбегімді жазып жүрген кезде ерекше көтеріңкі көңіл күйде болдым. Махамбеттің қуаты өз өлеңдерінің ішімен мені жетелеумен болды. Мен бұл зерттеуімді аз уақыттың ішінде – 4 айда жазып шықтым. Бұл кандидаттық жұмыс үшін тым аз уақыт. Академик Рымғали Нұрғали ғылыми жетекшім еді, зерттеуімді оқып шығып «сен Махамбет туралы керемет жаңалықтар аштың ғой» деді. Ал шынында да солай болса, оны мен емес, Махамбеттің өзі рухы маған айтып отырып жазғызғандай болды.

ӨЗ ТІРШІЛІГІҢНІҢ ДИЗАЙНЫН ӨЗІҢ СЫЗ

- Ғалымдығыңыздың тағы бір қыры – жаһандану мәселесі төңірегіндегі зерттеу еңбектеріңіз. Мұны тіпті өлеңде де «Жаhандану бiреулерге ұнап тұр, қандай өзi, қай жақта деп сұрап тұр. Жаhандана алмайтұғын сағыныш, сөйлемдердiң көшесiнде жылап тұр»,- деп көрсетесіз. Осы өлеңіңізді оқыған жан «Шынымен де!» дері даусыз. Жаһандануға бет алған қазақ бұл жолда нені жоғалтты? Неге қол жеткізді?
-Еш нәрсеңді жоғалтып алмай өмір кешу мүмкін емес. Мәселе жоғалған нәрсенің орны немен толысқанында. Қым-қиғаш кезеңде өзіңді өзің жоғалтып алмай өмір кешуіңнің қажеттігі өз алдына, соның ішінен бір нәрселерді тауып алуың маңызды. Жақында ғана қайтыс болған «Apple» корпорациясының негізін қалаған атышулы Стивен Джобс бір сөзінде «Күллі ғаламды жаңғырықтырып өтсем деймін» депті. Біздің жастар да дәл осылай мақсат қойса деймін. Күллі ғаламға естілер жаңғырық жасау тек шетелдіктердің еншісінде емес екендігін жастар күн сайын ойлауы керек. Өзіңнің өмір сүру моделіңді басқадан көшірмей, өзіңше жасап, өз тіршілігіңнің дизайнын өзің сыз – бүгінгінің талабы солай және бұл өте жақсы үрдіс. Ал Кеңес Одағы қазіргі жасы 50-ден асқан біздің ұрпақтың өмір сүру дизайнын өзі сызып берген. Ол сызықтан бір мысқал да бұрылуға хақымыз болған жоқ. Біз тіпті одан әлі де шыға алмай жүрміз. Шықсақ, адасып, тіпті жоғалып кететін сияқтымыз. Біздің сағынышымыздың «сөйлемдердің көшесінде жылап тұрғаны» да сондықтан.
-Қазіргі жастардың жаһандануға деген көзқарасы қандай деп ойлайсыз?
- Олар қазіргі жаһандану заманында өздерін жақсы сезінеді. Олар үйренгіш, әрі шапшаң. Өйткені олардың ойлау траекториясы біздің ойлау траекторияларымыздан басқа бір жақтағы қиырлардан өтеді. Бұл өте жақсы. Бірізділік – тіршіліктің тынысын тарылтады. Мен жастардың әрбір жетістігін көрген сайын жаңа бір алаңға келген сияқтанамын. Өзімді басқаша сезінен бастаймын. Кейде жастарға еліктеймін. Поэзияда емес, жаңаға құштар болу тұрғысынан.
-Сарыарқаның даласы,
Сонау Жайық жағасы,
Қаратау да, Алтай да,
Билеп тұр ғой, қарашы.
Алаш-жұртым – айбарлым,
Қазыналы, қайнарлым.
Қорғап қалған бұл жерді,
Бабалардан айналдым, - деп «Қаражорға» биінің сазына жаңа мәтін жаздыңыз. Бұрынғы мәтіні той-томалақта айтылатын жеңіл-желпі сөздер болатын, сіз «Қаражорғаны» әр қазақтың жүрегіне жалын, жанына от беретін, рухты әнге айналдырдыңыз. Бұл идея қайдан келді?

- Тарихшы, алаштанушы Дихан Қамзабекұлы бір күні осындай мәселе көтерді. Өйткені «Қара жорғаны» салтанатты кештерде де көпшілік билеп жүр, мектеп бітіру кештерінде жиі айтылатын болды. Осындай деңгейге дейін жеткен әннің мәтінінде елдік рух жоқ еді. Мыңға тарта адам, тіпті Қытайда он бес мың адам бірігіп билеген, яғни, көпшілік болып биленетін бидің мәтіні де сол көпшіліктің бірлігін, елдік рухын баяндайтын мәтінге салса, тіпті жақсы болып кетер еді-ау деп жүретінбіз іштей. Бұл мәселе жұртшылықтың арасында жиі айтыла бастағаннан кейін Астанадағы «Тіл және мәдениет» қоғамы «Қара жорғаға» жаңа мәтін жазуға бірнеше ақындарға қолқа салған екен, солардың ішінде менің жазғанымды таңдап алыпты. Қазір «Қара жорға» жаңа мәтінімен «Айберен» тобының орындауында жарыққа шыққалы жатыр.


ЕҢ АУЫР ЖҰМЫС- ЕШТЕҢЕ ІСТЕМЕУ

- Тағы бір өлеңіңізде: «Сары құм-ай, қинайды өмiр сенi де, не айта алам сенiң бұйрат белiңе? Адамдар да түсiнбейдi бiр-бiрiн, мықты болсаң, түсiнiп көр менi де», - деп жер беті жаныңызға тарлық қылған сәтте сары құмға ақтарыла сыр айтыпсыз. Жалпы, мұңайған сәтте, жүдеген шақта кімнен, неден медеу табасыз?
- Неден медеу табатынымды дәл айта алмаймын. Шамасы күнделікті тіршілік адамды қалай қажытса, дәл солай алдарқата да алатын болуы керек. Адам да сәл нәрсеге баладай жұбана салады. Жұбана салмаса, өмір сүру деген нағыз азапқа айналар еді ғой. Мұң да, қуаныш та адамға келіп-кетіп жүретін қонақтарың сияқты, келеді, аз-маз күн болады да кетеді. Өйткені ғаламда оларды күтіп отырған сенен басқа да 6 миллиард адам бар емес пе? Күллі адамзат қуаныш пен қайғыны бөлісіп алып, жеңілдетіп жүр деп ойлаймын. Әйтпесе, соның бәрі бір адамның басына түссе, не болар еді. Ал «Мықты болсаң, түсініп көр мені де» деген сөздің астарын сұрап отырсаңыз, мен өзім көп адамды түсіне бермейтін сияқтымын, өйткені ылғи пікірім қайшы келіп қалып жатады, бірақ мен дауласуға жоқпын. Көп жағдайда үнсіз қалам. Бұл да дұрыс емес, әрине. Солай болған соң менің де оларға түсініле қоюым қиын шығар деп айтқаным ғой.
- Қызғанбан енді ешкімді,
Бір үзім үміт кімде жоқ.
Арманның бәрі кешкірді,
Ойымда бар да, тілде жоқ.
Шығармашылық иесі ретінде өнердегі бақталастық дегенге қандай пікірдесіз?

- Сәтсіздіктің бәрін құрбандыққа саюдың да реті жоқ шығар. Ал өлеңнің мәніндегі қызғаныш туралы ойға келетін болсақ, ол – өлең ғой. Мен өз өлеңдерімді түсіндіре алмаймын. Өйткені өлеңді адам өз еркімен жазбайды ғой, өлең пайда болады. Өнердегі бақталастық дегеніміз – ол тек өнерге ғана тиесілі емес, адамның өзі өмірге басқалармен тайталаса туады. Тіпті сені сен қылып жаратып, жарық дүниеге алып шыққан ата-анаңның бойындағы молекулалар да – өз араларындағы қырғын шайқаста жеңіске жеткендер, олар басқа молекулаларды қырып салды да, жарық дүниеге, мысалы, сені, яғни, қыз баланы, яғни ақын Бақытгүл Бабашты алып шықты. Биологтар солай деп түсіндіреді. Әрине, тайталас екен деп, бір-бірімізді «қырып» салудың қажеті жоқ шығар. Тек ниет дұрыс болсын деңіз, өзінен озып бара жатқанды құлатуға емес, содан қалай да озуға тырысса, оны бақталастық дегеннен гөрі, бәсекелестік деген дұрысырақ болар еді деп ойлаймын.
-Арқамызда, өлеңнің жүгі жүрсін,
Жұрт оны бірі білмей, бірі білсін.
Ас үйде шәй-қазанмен бірге қайнап,
Әйелдің өлең жазған түрі құрсын, - дейді тағы бір өлеңіңіз. Әйел үшін ақын болу – бақ па, сор ма? Өлең сізге қандай уақыттарды келеді?

- Бақ деп айта алмаймын, сор деуге аузым бармайды. Сор дей алмайтыным, өлең жазып отырған кезде сенен бақытты адам болмайды, бірақ сондай бақытты минуттарыңды өз қолыңмен тұншықтырып тастап, тамақ істеуге немесе ыдыс жууға, немесе қазан-ошақтың сені күтіп тұрған ешқашан бітіп болмайтын шаруасына кетуіңе мәжбүр болатының жаман. Үстелдің бір шетіне ыдыс жуып, бір шетіне дәптеріңді қойып қоясың, өйткені өлең де тура осындай «қысылтаяң» шақты аңдып жүретін сияқты. Май жұққан өлең дәптерің бір жағыңда, сенің тамақ әкелуіңді күтіп бала-шағаң отырады... Пештің үстінде бірдеме тасып-төгілуге шақ қалғанда, қақпағын алып үлгіресің... Осы көріністің ортасындағы өзіңе сырттай қарайсың да, өзіңе өзіңнің күлкің келеді, жылағың келетін кездер де болады.
- Өлеңге қояр талабыңыз қандай?
- Өлең пайда болады дедім ғой. Бірақ пайда болған өлеңді аямау керек. Жасық болса, жыртып тастауға тәуекелің жетсе, бұл – керемет. Жыртылып қалмау үшін өлеңнің әр жолы сөйлеп тұрса жақсы ғой. Ең бастысы - өлеңді сөз басып қалмауы керек.
- Мағыналы әңгімеңіз үшін рахмет, Оңайгүл апай. Білгіміз келетін тағы бір сұрақтың шеті шығып тұр. Каспийдей алып теңіздің текті қызын бүгінде не толғандырады?
Көк теңіз кемелерден сыр тыңдайды,
Кемелер кеңеседі құлқын жайлы.
Өзі жайлы айтпаққа ол да ұмтылды,
Теңіздің су-су сөзін кім тыңдайды?, - деп Каспийдің жан мұңын жырыңызбен өрнектеген екенсіз.

- Базар-ғұмыр, жаныңда қалсам ба екен,
Қаланың жартысы базар, барсам ба екен?
Көк Каспий, мен де сені сүртіп тастап,
Орныңа базар салып алсам ба екен? – деп мен Каспий теңізімен сөйлескенді, тіпті онымен дауласқанды жақсы көремін. Каспий бәрін де көтеретін, бәрін де түсінетін сияқты. Бұл теңіз – қазақпен тағдырлас қой.
Жағалау. Жартас қалғиды,
Кемелер тоқтар шаршап кеп.
Толқындар көкке қарғиды,
Тау болып тұрып қалсақ деп...
Біздің де сол толқындар тәрізді тау болғымыз келеді. Қиындықтардан қарғып өткіміз келеді. Бірақ оның мүмкін болатын да, болмайтын да кездері көп. Ең бастысы қарғимыз деп жүріп ұлттық құндылықтарымызды жоғалтып алмауымыз қажет.
Біздің ұлттық құндылықтарымыз рухымызды қорғап тұратын антивирус екендігін бүгінгі web-тіршіліктің жастарына өздерінің тілімен түсіндіруге тырысып жүрмін. Бұл туралы жаһандану мәселесіне арналған зерттеу еңбегімді де жазып жатырмын. Осы тақырыптағы бірнеше мақалам да жарық көрді. Университетте дәріс оқитындығым да мәселені аша түсуіме көмектесіп жүр. Жастар мұндай дәрістерді қызыға тыңдайды, пікірталасқа түседі. Әрине, бар уақытымды соған арнауға мүмкіндік жоқ. «Тұмар» журналының жауапкершілігі де үлкен еңбекті қажет етеді. Дегенмен еңбек деген жақсы ғой. Өмірдің қызығы еңбекте. Оның үстіне ой еңбегі – ауыр жұмыс. Дегенмен одан да өткен ауыр жұмыс бар, ол - ештеңе істемеу. Содан сақтасын бізді.

Сұхбаттасқан: Бақытгүл БАБАШ

 


 

 

 


 

Бейсенбі, 17 Қараша, 2011

Декларация туралы ой-пайым

 

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның жа­­ңа мемлекетін және оның саяси жүйе­сін қалыптастыру оңай болған жоқ. Бұл үрдіс өте қайшылықты, тартысты, қате­лік­тер мен қатерлер арқылы жүргенін ашық айту қажет.

Қазақстан қандай мемлекет болмақ және ол қай жолмен дамиды? 1991 жыл­ғы 16 желтоқсанда тәуелсіздік жария­ла­ғаннан кейінгі еліміздің саяси бас­шы­лығы мен интеллектуалдық күштерінің ал­дында тұрған ең күрделі, ең тағдырлы сұрақ осы еді. Еңсесін енді ғана көтерген жас мемлекеттігіміздің «мемлекет» деп аталатын, өркениеттер мен демократиялар тарихында етене қалыптасып, қа­был­данған, анықталған осы әмбебап сая­си-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, рухани-интеллектуалдық аса күрделі инс­титутқа сәйкес, сайма-сай, барабар келуін қамтамасыз ету сол саяси ке­зең­нің ең өзекті тағдыршешті міндеті еді.

«Сәйкестілік» мәселесі – қалыптасу үрдісіндегі кез келген әлеуметтік-саяси, экономикалық, этностық организмнің ал­дынан көлденең тұрар проблема. Ол жас мемлекеттердің қалыптасуы кезеңінде ерекше өткір тұрады. Мемлекеттік сәй­кес­тілік дегеніміз – мемлекетке тән бар­лық қасиеттер мен белгілердің, оның төл саяси институттары мен құрылым­дары­ның, қабылдаған заңдарының, ең басты­сы – конституциясының тәуелсіз мемлекет шеңберінде толыққанды және тиімді қызмет жасауы.

Біз Парламентте қабылданбақ Тәуел­сіздік декларациясы мазмұнынан ең ал­дымен осы мәселелерге жауап іздеуіміз қажет. Сөз жоқ, Декларацияда айтылар, ба­ғаланар, сараланар жеңістеріміз бен жетістіктеріміз аз емес. Ұтылыстар да бар. Бәрін айтып, қамтуға мүмкіндік жоқ. Өз пайым-танымымыз, саяси таңдауымыз және тал­ғамымыз деңгейінен кейбіріне ғана тоқ­талмақпыз. Бұл жердегі тағы бір маңызды дүние – тарихтың саяси саба­ғында, тағы­лымдарында жатыр. Әлемдік тарихи тә­жірибеде саяси азаттығын жа­риялаған көп­теген жас елдер өздерінің мемлекеттік сәйкестілігіне қажет саяси жүйенің құн­дылықтары мен билік инс­титуттарын дәл анықтап, түгендеп, болжамдай алмай ішкі саяси тартыстар мен шиеленістерден, аза­маттық соғыстан көз ашпай келеді. Со­ның нақты мысалы Ау­ғанстан, Сомали, Нигерия, Никарагуа және тағы басқа мемлекеттер. Ондай аху­ал­дың кейбір белгілері Қырғызстан, Молдова, Украина тәрізді кешегі бізбен бір саяси жүйеден шыққан ТМД елдерінде әлі де орын алып отыр. Мемлекеттік сәйкес­ті­лік мәселесі еліміз басшылығын әуел­ден ерекше ойландыр­ды. Оның нақ­ты дәлелі Президент Н. Назарбаевтың 1996 жылғы 24 сәуірдегі Өкі­мімен бекітілген «Қазақ­стан Респуб­ли­касының мем­­ле­кеттік сәй­кес­­тілігін қа­лыптастыру тұжырымдамасы».

Өйткені, социалистік қоғамдық қаты­настар, кеңестік мемлекеттік құрылыс уа­қыттың саяси сынынан өте алмады. Тарихтың күрт бұрылысындағы әлеумет­тік-экономикалық тегеурінге шыдамады. Енді кеңестен кейінгі жас мемлекеттік құрылымдар алдында өздерінің ұлттық егеменді мемлекетінің конституциялық архитектурасын анықтап, мемлекеттің ір­гетасын берік әрі қателеспей қалау жауапкершілігі тұрды. Сол кездің өзінде-ақ Қазақстанда да алғашқы қуаныш дүрбе­леңі мен эйфория басылғаннан кейін мемлекетті құру, оны қалыптастыру үшін тәуелсіздікті жариялау, аса маңыз­ды саяси шаралар, оның айқын нышан­дары – Туды, Елтаңбаны, Гимнді анық­тау, тіпті Президент лауазымын белгілеу аздық ететіні белгілі болды.

Н. Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» атты тәуелсіздіктің саяси шежіресі іспеттес, сараптамалық рухтағы белгілі еңбе­гін­де сол тарихи кезеңдегі күрделі жағ­дай­ды талдағанда көптеген сарапшы­лар­дың мемлекеттің алдында тұрған күрделі міндеттерді ескермей баға беруге ты­рысатындығын тура көрсете отырып, сол уақыттағы елдің саяси басшылығы ал­дында тұрған міндеттерді былай жи­нақ­таған: «Ол – мемлекеттілікті қалыптас­тыру, бір экономикалық жүйеден екінші экономикалық жүйеге көшу, демократиялану процесін дамыту, әлеуметтік және ұлтаралық орнықтылықты сақтау және нығайту, сыртқы саяси бағыттар желісін тарту» [«Ғасырлар тоғысында»,128-б.].

Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қа­лыптасу кезеңі бұрынғы бүкіл КСРО ау­мағында саяси, әлеуметтік-экономи­ка­лық мүдделер мен қатынастардың ерекше шиеленісуі үдерісімен қабаттаса жүр­гені белгілі. Ол кезде, әділіне келсек, Қа­зақстанның болашақ мемлекеттік дамуы туралы берік, сындарлы тұжырымдама әлі қалыптаспаған еді. Сол кезең туралы Президент Н. Назарбаев жоғарыда ай­тыл­ған еңбегінде ағынан жарылып: «Мен Қазақстан егемен мемлекеттер федерациясының құрамында болады деп ойладым. Сол жолда күш салып бақтым. Оның үстіне, жаңа Одақ келісімшарты жобасы бойынша үлкен жұмыс жүріп жатты. Бірақ 1991 жылғы тамыз тарихта күрт бетбұрыс жасады. Жаңа жағдайды ескеріп, бұрынғы жоспарды қайта өзгер­ту керек болды», деп түйіндейді.

Елдегі саяси, әлеуметтік-экономика­лық жағдай тәуелсіздіктің алғашқы жыл­да­рында тым күрделі, тіпті қорқынышты си­пат алып тұрды. Жаңа мемлекеттің құ­ры­лысын анықтау, оның конституциялық тұ­ғырын бекемдеу тәрізді төтенше ма­ңыз­ды саяси міндетпен қабаттасып, жағ­дайды одан сайын күрделендірген әлеу­меттік-экономикалық мәселелердің бүкіл бір күрделенген, асқынған тізбесі тұрды. Сол тұста бізге басқарудың кеңестік жү­й­есінен еншіге тигені күйзелген шаруа­шылық, жүйесі сөгіліп, жон арқасы қи­раған экономика, тұралап, мешеуленген өндіріс, терең тығырыққа тіреліп, кетеуі кеткен ауыл шаруашылығы кешені еді.

Еліміздің шығысында сепаратизмнің, батысы мен солтүстігінде казачество­ның өшпенді өлермендікпен бой көтеруі – жас мемлекеттілігіміз үшін нақты қа­тер­лер еді. Оны біздер – аға ұрпақ өкіл­дері сарапшы, саясаттанушы ретінде қа­лай ұмытармыз?! Осындай аласапыран, тар жол, тайғақ кешу жағдайының өзінде мемлекетті, оның саяси, басқару жүйесін құруда, мемлекеттік машина мен оның басқарушы кадрларын іріктеп, орналас­тыруда аяқты шалыс басуға болмайтын еді. Уақыт тым қатерлі-тін. Ұлттық мемлекеттік машинаны тез арада іске қосып, оның ырғақты жұмыс істеуін қамтама­сыз етудің төтенше жауапкершілігі тұрды.

ХХ ғасырдың 90-жылдарының ба­сын­да жаһандану, ақпараттық қоғам, ха­лық­­аралық байланыстардың күшеюі жағ­дайында саяси жүйе мен оның инсти­тут­тарының функциялары барған сайын күрделеніп, тармақталып, олар қамтитын құбылыстар мен қатынастардың ауқымы кеңейіп, бұлардың өзара сабақтастығы, өзара байланыстары күрделенген еді. Осы жаңа әлемге, оның күрделі саяси-экономикалық, идеологиялық қатынас­та­рына дербес субъект ретінде ұмтылып отырған Қазақстан алдымен өзін өзі мемлекет ретінде анықтап, мемлекеттік-конституциялық құрылысын түбегейлі бекемдеуі тиістігі айдай ақиқат еді. Бү­гінде, жиырма жылдық дербес дамудың биігінен еліміз бұл жауапкершіліктен абы­роймен шықты деуге негіз бар.

Тәуелсіз мемлекет құру арманына мың өліп, мың тірілген қазақ халқы тек ХХ ғасырдың соңғы он жылдығына ғана қол жеткізді. Бүкілхалықтық референдумда 1995 жылғы қабылданған Конституция еліміздің мемлекеттік құрылысы­ның жаңа архитектурасын қалыптастыр­ды. Осы жылдан мемлекетіміз дамуының жаңа кезеңі басталды. Ал одан кейінгі кезең еліміздің конституциялық дамуы оның іргелі негіздерінің беріктігін, өмір­шеңдігін, оны құраушы институттық құрылымдардың міндеттері мен басқару мүмкіндіктерінің дұрыс анықталған­ды­ғын дәлелдеді.

Мемлекеттік құрылыста оның барлық тетіктерін қалыптастыру, орталықты жә­не жергілікті басқару органдарының сын­­дарлы, біртұтас жүйесін, жаңа тәуелсіз мемлекеттің өз ұлттық мүддесіне қызмет ететін сындарлы мемлекеттік аппаратты, әскери, қауіпсіздік, құқық қорғау орган­дарының жүйесін құру міндеті тұрды. Бұл саладағы ең күрделі шаруаның бірі – Қазақстанның мемлекеттік мүддесін қа­былдап, мойындайтын, оның ұлттық қау­іпсіздігіне қызмет ететін жаңа тұрпатты отаншыл, патриот кадрларды қалтқысыз, қателеспей табу еді. Сол кезде респуб­ликаның мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер, оның территориясында тұрған сан­сыз да әлеуетті, әсіресе стратегиялық бағыттағы қарулы күштер басшылы­ғы­ның еліміздің егемендігін мойындама­ға­нын, оған іштей қарсы болып, Мәскеуден нұсқау күткендей күйде болғанын бүгінгі жас ұрпақ біле бермейді. Бұл ел тәуел­сіз­дігі үшін қауіпті, шетін ахуал еді. Жат пиғылды саяси күштердің осыны пайда­ланып, тәуелсіздікті жөргегінде тұншық­тыру мүмкіндігі болды.

Егемендік – әлемдік өркениеттің қа­зіргі сатысында мемлекеттің кемелдігі мен қалыптасқандығының, одан әрі даму өрістілігі мен өскелеңдігінің басты белгісі. Тәуелсіздіктің де ең басты және түпкі мақсатының бірі мемлекеттің егемендігін қамтамасыз ету болатын. Халық­ара­лық теория мен практика мемлекет еге­мендігінің мынадай басты өлшемдерін біледі: аумағы және шекарасы, халқы, мем­лекеттік басқару органдары, сол мем­лекетті қорғайтын институттарды қалыптастыру. Осы өлшемдерге сай келетін: ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс, құ­қық­тық, сот жүйесін құру, ұлттық валю­таны енгізу, сындарлы, әлемдік эконо­ми­ка танып мойындаған салық, банк, қар­жы-кредит, салық, кеден жүйелерін қа­лыптастыру – тәуелсіз мемлекетті ор­нық­тыру жолындағы әрқайсысы бір-бір асқаралы асуларымыз. Қазақстанның юрис­дикциясына толығымен бағынатын күш құрылымдарын – қарулы күштерді, ішкі істер органдарын және арнайы қыз­меттерді қалыптастыру оңайға түспе­ге­нін аға ұрпақ жақсы біледі.

Қазақстан осы жылдары ең алдымен өзінің аумақтық тұтастығын сақтап, ата-бабаларымыздың сан ұрпағының қаны мен тері төгілген аумақта тәуелсіз, әлем­ге танымал, беделді ұлттық мемлекет құрды. Аумағы жағынан әлем мемлекеттері ішінде тоғызыншы орында тұрған біртұтас мемлекет қазақ халқының бұ­рын­ғы тарихында болған емес. Бұл – біз­дің ең басты тарихи жеңістеріміздің бірі. Және осы байтақ аумақты қазіргі за­ман­ғы халықаралық құқық нормаларына сәй­­кес Ресей мен Қытай тұрпаттас алпауыт, өз мүдделерін жақсы пайымдаған Орта­лық Азиядағы көршілес мемлекеттермен қиын да күрделі келіссөздер арқылы шебер мәмілегерлікпен, табандылықпен, біліктілікпен келісіп, ашық-шашық жат­қан, бұлыңғыр, анықталмаған шекара­мыз­ды айқындап, берік те бұлтартпас шарттармен бекемдеуге қол жеткізуіміз – баға жетпес абыройлы жетістік һәм мәң­гілік құндылық.

Бұл – Елбасымыз Нұрсұлтан Назар­баев­тың халықаралық аренадағы жоғары беделінің, Қазақстанның жас диплома­тия­сының сыртқы қатынастар саласын­дағы басты жеңістерінің бірі. Бұл – біз­дің ата-бабаларымыздың бүкіл қойнауы байлыққа толы төрткүл дүние қызыққан осынау кең аумақты аттан түспей, белін шешпей, алты малтаны ас етіп, ақ най­заның ұшымен, ақ білектің күшімен ғасырлар бойы қорғаған ересен ерлігінің тарихи қайтарымы, ұрпақтан ұрпаққа тапсырған қасиетті аманатына адалдық еді. Мұны келешек ұрпақтардың ырысы мен игілігі деп баршамыздың да мақтан етуімізге болады!

Саяси жүйеде белгілі бір мүдделер негізінде оның құрамына енетін құры­лым­дар қызметінің нәтижесінде инсти­тут­тық қатынастар мен рөлдер қалып­та­сады. Америкалық әлеуметтанушы ға­лым Т. Парсонс кезінде дөп айтқандай, осы құрылымдар саяси жүйенің «ана­то­миясын» құраса, олардың функциясы «фи­зиологиясын құрайды». Жиырма жыл­да Қазақстанның саяси жүйесінің «ана­то­миясы» да, «физиологиясы» да түбе­гей­лі өзгерістерге түскені хақ. Ең бас­тысы, тәуелсіз еліміздің саяси жүйесінде жиырма жылда түбегейлі демократия­лық-құқықтық реформалар жасалып, ол конституциялық, институттық-құры­лым­дық, мазмұндық-функциялық терең өз­герістерге түсті. Еліміздің саяси жүйесі құрылымындағы түбегейлі «анато­мия­лық» түзілу мен түрленудің мәні мен маз­мұ­нын жинақтай айтсақ, біздің пікірімізше, олар негізінен мыналарға келіп саяды:

– ең алдымен еліміздің саяси жүйе­сін­де бұрын болмаған президенттік институт, қос палаталы, кәсіби негізде жұ­мыс істейтін Парламент, көппартиялы­лық, Қа­зақстан халқы Ассамблеясы тә­різ­ді қағи­датты жаңа саяси құрылым­дар­дың түзі­ліп, қалыптасуы және қызмет жасауы;

– саяси жүйенің барлық ресми инсти­туттары қызметінің негізінен бір ортақ мақсатқа – демократиялық, құқықтық, зай­ырлы және әлеуметтік мемлекет құ­ру­ға бағытталуы;

– қоғамдағы демократия мен сөз бос­тандығының даму деңгейі мен пәрмен­ділігінің басты көрсеткіштерінің бірі тәу­елсіз, беймемлекеттік бұқаралық ақ­па­рат құралдарының дербес те әлеуетті жүйесінің пайда болуы;

– бұған дейін болмаған, қоғамдық өмірдің барлық салаларын кеңінен қам­титын жаңа азаматтық институттардың қалыптасып, дамуы және олардың қыз­метіне қажетті ұйымдық-құқықтық негіз­дер­дің нығаюы;

– халықаралық деңгейдегі беделді де­мократиялық институттар біртіндеп негізінен мойындаған еліміздің жаңа сайлау жүйесінің қалыптасуы;

– еліміздегі биліктің басты үш инс­титутының: Президент, Парламент және Үкіметтің біріккен еңбегінің нәтижесін­де еліміздің саяси жүйесінің барлық құ­рамдас бөліктері қызметінің құрылым­дық, ұйымдық-құқықтық және өзара қа­рым-қатынасы мәселелерін жан-жақты реттейтін, әлеуметтік-экономикалық да­муын қамтамасыз ететін заң жүйесінің бүтіндей жаңадан түзіліп, қабылдануы және бұл үрдістердің қоғамдық қатынас­тар­дағы қажеттіліктерге байланысты үне­мі жетілдірілуі.

Декларацияда саяси жүйеге баға берерде ең алдымен осы сапалық түрлену мен іргелі өзгерістер басты назарда болуы керек деп есептейміз.

Қазақстан Конституциясының 2-ба­бын­да: «Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет» деп атап көрсетілген. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа саяси жүйесіндегі ерекше орында осылайша президенттік институт тұр. Қазақстанның мемлекеттік құрылысының, оның саяси бүкіл мәні мен басты ерекшелігін анықтайтын осы­нау аса маңызды конституциялық қағида еліміз саяси жүйесінің бүкіл табиғатын, құқықтық өрісі мен кеңістігін, құзыреті шектерін анықтағандай. Конституцияға сәйкес еліміздегі өзге саяси институт­тар­дың, әсіресе, билік тармақтарының мәр­тебесі, беделі және даму перспективасы, сайып келгенде, президенттік институт­тың қызметіне тікелей байланысты. Сон­­дықтан да, еліміздің жаңадан қалыптас­қан саяси жүйесінде бұл институттың орны мен мәртебесі аса зор.

Ендеше, Декларацияда Тұңғыш Пре­зи­денттің мемлекет құрушылық әлеуеті, тегеурінді де жемісті қайраткерлігі, жол­бас­­­шылығы өзінің әділ бағасын алуы тарихи да саяси тұрғыдан әділеттілік болар еді.

Осы жылдардың тағы бір маңызды институттық даму қорытындысы жаңа­дан қалыптасқан, биліктің кеңестік жү­йе­сінде болмаған маңызды тармағы – елімізде заң шығару қызметін жүзеге асы­ратын ең жоғары өкілді орган – қос палаталы Парламенттің қалыптас­қан­ды­ғы. Турасын айту керек, Қазақстанның кәсіби парламентаризмге келер жолы күрделі де қайшылықты, саяси шиеленісті, бұралаңды болды. Республика Жоғар­ғы Кеңесінің екі құрамы саяси себептерге байланысты өкілеттілік мерзімі аяқ­тал­май, уақытынан бұрын таратылды. Елімізде парламенттік демократия, парламентаризм көптеген қиындықтармен, саяси тартыспен, қайшылықтар арқылы біртіндеп қалыптасып келеді.

Еліміз Парламентінің осы жылдарғы белсенді заң шығарушылық, өкілді және саяси қызметінен белгілі бір тарихи-саяси, демократиялық қорытындылар шыға­ру­ға болады. Әрине, Декларацияны тал­қы­лап, қабылдайтын институт болған­дық­­тан, депутаттардың өздері қызмет жа­сап отырған институтқа саяси баға беруі нәзік те күрделі мәселе. Парламент­тің бү­­­­­кіл қызметі қашанда қоғамдық пікірдің өткір сынында тұратыны табиғи да қа­лыпты жағдай. Өйткені, халықтың қашан­да ең алдымен өзі кең құзіреттер беріп, се­нген өкілдерінен қаттырақ сұ­рауы – заңды да үйлесімді. Сондықтан Парламент қызме­­­тін объективті бағалау сарап­шы­лардың, ғалымдардың үлесінде болса керек.

Осы кезеңдегі Қазақстанның саяси жүйесінің құрылымдық дамуындағы са­палық өзгерістердің бірі – оның құрам­дас бөлігі ретіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) жаңа, өскелең рөлі. БАҚ-тың институттану үдерісі тегеурінді жүріп жатыр. Ол аса маңызды көпса­ла­лы, көпқырлы әлеуметтік-саяси, ақпарат­тық, қоғамды топтастыру және әлеумет­тендіру, танымдық және білім берушіліқ, қоғамдық пікірді қалыптастыру тәрізді маңызды функцияларды атқаратын, саяси және идеологиялық әр алуандықты білдіретін демократиялық, азаматтық институт ретінде түзілді деп айтуға толық негіз бар. Сонымен, бүгінде БАҚ – саяси жүйеде ақпарат көзі ғана емес, ол көп функциялы, саяси реттеудің, саяси тұ­рақ­тылықты бекітудің, әлеуметтік инно­ва­цияның тегеурінді де қуатты тетігі. Қазақстанның демократиялық саяси жүйесін бүгінде БАҚ қызметінсіз елестету мүмкін емес.

Бүгінде еліміз Конституциясының 20-шы бабына сәйкес цензураға тыйым са­лынғанда, кім және не туралы болса да бәрін айтуға болатындай ахуал қалып­тас­ты. Бүгінде жария саясат бұрынғыдан да кең түрде жария бола бастады. Ол қай кездегіден де ашықтықты, аудиторияны игере, басқара, меңгере, ұйыта білу шеберлігін қажет етеді. Жариялылықтың, сөз бостандығының дәмін татып, әлми­сақ­тан сөз өнерін ерекше қадірлеп, қас­терлейтін, қашанда: «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ!» дейтін халқымыз, ке­меңгер Абай айтқандай, «жалын мен оттан жаралған» ақылды да һәм әділ сөзді нағыз жария саясаткерлерді күтіп отыратынын ерекше есте ұстаған абзал.

Республика саяси жүйесіндегі келесі бір мәнді өзгеріс – әлжуаз, әлсіз болса да көппартиялылықтың қалыптасуы. Бұл үдеріс елімізде қайшылықты, күрделі бол­ды. Саяси партиялар да қалыптасу­дың, дамудың «балалық ауруын» өз бас­тарынан кешті. Жалпы, партиялар қыз­метін тек маңызды демократиялық инс­ти­тут, қоғам мүшелерін саяси әлеумет­тен­­діру құралы ретінде бағалау – біржақты бағалау. Әлем саясаттанушылары мен ой­шылдары арасында саяси партия­лар­дың пайда болуы мемлекеттің әлсіздігін білдіреді, партиялар әлеуметті бөлшек­тей­ді, қоғамның бірлігін бұзады деп тұ­жырым жасаған ғалымдар аз емес. Біздің пайымдауымызша, саяси партиялардың Қазақстанда кең өріс ала алмауының өз­індік бір себебі – халқымыздың саяси са­насы мен тарихи жадында қалыптасқан қайсыбір ерекшелікке де байланысты. Қазақ халқының санасында партияларды елді бөлшектеу, қоғамды жікке бөлудің құралы ретінде қабылдау басымырақ. Ұлт ұстазы Абай кемеңгер кезінде кейбір партияшылардың қылығынан түңіліп: «Болды да партия…», деп түңілсе, сол кемеңгердің інісі һәм рухани ізбасары, аса ірі ойшыл, кезінде, 1917-1918 жыл­дары саясатқа да араласқан Шәкәрім бұл мәселеде өз ойын нақты айтқан: «До­сы­ма айтам. Қулардың тіліне ерме, Пар­тия­сы­на ешкімнің ере көрме, Ноқтаға ба­сың­ды ілсең, шыға алмайсың, Бірлік бұзып, кетіріп, еркің берме», деген.

Қазақтың қос данышпаны партиялар­дың түпкі мақсаты мен мүддесін қапы­сыз таныған – әлеуметтің белгілі бір әлеует­ті бөлігін іріктеп алып, сөзіне ертіп, соның күшімен, беделімен, дауысы­мен қалай да саяси билікке жету. Бұл әдіс-амал күні бүгінге дейін өзгерген жоқ. Кез келген елде солай.

Жиырма жылда Қазақстанның пар­тия­лық құрылысы толық қалыптасты деп айтуға, біздің пікірімізше, әзірге ертерек. Саяси кеңістікте негізінен бір партияның үстемдігі байқалады. Еліміз бұл салада да өз жолын іздеуде. Өткен кезең саяси тар­тыстар мен пікір таласынан кенде бол­ған жоқ. Саясат сахнасына сан партия келіп, сан партия кетті. Тәуелсіздік әкелген демократиялық өрісті, саяси кеңістікті, рухты, құқықтық, әлеуметтік мемлекетті орнатудың конституциялық қағидат-мақсаттарын саяси партиялар тиімді пайдаланып отыр деп әлі де айта алмаймыз. Оның әртүрлі объективті және субъективті себептері бар.

Жоғарыда айтылғандай, Қазақстан жи­ырма жылды саяси эволюция, демо­кра­тиялық даму жолымен біршама сәтті өтті. Біз мынау алмағайып, тартыс пен кү­реске, күш көрсету мен арандатуға то­лы аласапыран, дүбірлі дүниеде елдің ішкі тыныштығы мен татулығын, ұлттар арасындағы келісімді сақтап қалдық. Және жөні келгенде, мына бір тарихи ақи­қатты әрі басты құндылығымыз ту­ра­лы айту да парыз.

Еліміздегі осынау ұлан-ғайыр жетіс­тіктердің басты тірегі, ұйытқы-мәйегі мем­лекет құраушы ұлт – қазақ халқы, төл мінез-тұрпатындағы үздік қасиеттер. Оның табиғи ұстамдылығы, саяси сал­мақ­тылығы мен салқынқандылығы, әр қо­ғамдық құбылысқа, партиялар мен қоз­ғалыстардың қызметіне биік талаппен қарайтын көзқарас-парасаты, тумысынан сарапшылдық сияқты баға жетпес қадір-қасиеттерінің еліміздің саяси реформалар жолымен дамуына адамдық-рухани негіз болғаны – бұлтартпас ақиқат, баға жетпес қазына.

Қазақтардың бойында бүгінде көпте­ген, әсіресе, жас ұлттарда сирек кездесетін белгілі бір деңгейдегі салауатты саяси консерватизм бар. Сондықтан еліміздегі кейінгі, әсіресе, 1991-1997 жылдар­да­ғы өткір әлеуметтік-экономикалық қи­ын­шы­лықтардың табиғатын ұғып, оның өтпелі сипатын түсініп, әр түрлі даңғаза ұрандарға ермей, шыдамдылық, кемең­герлік, саяси ұстамдылық пен байсал­ды­лық көрсетті. Әлеуметтік-экономикалық реформалар, мемлекеттік-саяси құрылыс – формациялар алмасуы кезеңіндегі тау­қыметті аса бір төзімділікпен, мәрттік­пен бастан өткеріп, ел болашағына оптимизммен қарады. Басқа этнос өкілдеріне ұйытқы болды. Декларацияда мұны ар­найы бағалау парыз һәм әділеттілік.

Тәуелсіздігіміздің мәртебелі де жұл­дызды жетістіктерінің бірі – қасиетті Са­рыарқаның төсінде Астананың жарқы­рай бой көтеруі. Елімізбен бірге жаңа, жас елорда жыл сайын, ай сайын, тіпті күн сайын түлеп, асқақтап, өрлеп, биіктеп, барады.

Бізде: «Алматы – тәуелсіздік бесігі», деген қанатты сөз бар. Өте орынды ай­тылған сөз. Ал Астана – тәуелсіздік тірегі, егеменді елдің әлемге жарқырай ашы­лар мәртебелі есігі, болашақ жеңіс­те­рі­міз бен асқаралы биіктеріміздің ұйыт­қы­с­ы, ұлт­тың жасампаздық әлеуеті мен ынтымақ-ырысының шайқалмас түп­қа­зығы. Мемлекет басшысы айтқандай: «Қа­зақста­н­ның елордасы бірлесу орда­сы, егемен Қа­зақстанның өркендеуінің ны­шаны». Әлем мемлекеттері мен ха­лықтары мейлінше өткір мәселелерді талқылап, бүкіл әлемге жаңа серпін беретін халықаралық саясат­тың нағыз орталығы. Мұның баға­сын неге бермеске? Бұған қалай мақтан­бау­ға, шат­тан­бау­ға болады?!

Қорыта айтқанда, біз ең алдымен жаңа тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құр­дық. Оның мемлекеттік институтта­ры­ның конституциялық тұғырын түбегейлі қалыптастырып, бекіттік. Елімізде жергілікті мемлекеттік басқарудың да сын­дарлы жүйесі қалыптасты. Осылардың ешқайсысы оңайға түскен жоқ. Соның бәрін біз бірге көрдік, көтердік. Тікелей қатысушылары болдық. Көбіміз, қиын-қыстау кезеңде Елбасының саясатын қол­дап, жас мемлекеттің бекіп, нығаюы­на өз саламызда шама-шарқымыз келгенше атсалыстық. Қиыншылықтар қанша­ма күрделі болса да біздің халқымыздың дербес, тәуелсіз мемлекет құруға құл­шы­нысы, мақсат-мұраты одан да күшті, тегеурінді һәм қасиетті еді. Осылайша біз жиырма жылдық мерекені еңсемізді кө­теріп, мемлекетіміз болашағы бұдан да жарқын, егеменді елдер мен өркениеттер қауымдастығында жұлдызы биіктен жар­қырайды деген оптимистік рухта қарсы алып отырмыз.

http://www.egemen.kz/318527.html


 


 

21.10.2011

 


 

21.10.2011


 

 


16.07.2011

 

 


29.06.2011

 

 


 

28.06.2011

 

 


04.02.2011

Готовить журналистов в Казахстане сегодня могут только два вуза – глава МОН РК

АСТАНА. 4 февраля. /Казахстанская правда, 16:38/ – Министр образования и науки РК Бахытжан Жумагулов посетил Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева с целью широкого обсуждения Послания Главы государства. На собрании особое внимание было уделено отечественному образованию и науке, сообщает пресс-служба столичного вуза.

Декан факультета журналистики и политологии ЕНУ имени Л.Н. Гумилева, профессор Н.О. Омашев поднял вопрос об увеличении количества выделяемых грантов на будущий учебный год.

Намазалы Омашев, говоря о достижениях министра в сфере образования и науки, также добавил: «Некоторое время назад, когда количество СМИ Казахстана не превышало и ста, по республике на специальность «Журналистика» казахского и русского отделений выделялось сто грантов. Сейчас наша страна получила независимость, мы вышли на первые позиции по информации в мире. Количество СМИ на сегодня превышает две с половиной тысячи, сюда можно добавить и пресс-службы в агентствах. А в республике имеется двадцать семь учебных заведений, которые готовят специалистов по журналистике. В прошлом году на эту специальность было выделено всего лишь тридцать пять грантов на казахское отделение и двадцать пять мест на русское отделение. Эти цифры говорят о том, что на каждое учебное заведение приходится по одному гранту. В прошлом году на факультете были абитуриенты, которые набирали сто баллов из возможных ста, но не смогли получить государственный образовательный грант. Среди поступивших было много обладателей знака «Алтын белгi» и студентов со специальными квотами. Надеюсь, что этой проблеме найдется достойное решение».

Министр Жумагулов отметил, что Намазалы Омашулы является известным мастером своего дела (журналистики), и ответил на его вопрос таким образом: «В будущем готовить специалистов по журналистике должны только в ЕНУ имени Л.Н. Гумилева в Астане и в КазНУ имени аль-Фараби в Алматы. Те вузы, которые смогут доказать, что у них имеются все возможности готовить специалистов по журналистике, пусть продолжают свою деятельность, а в остальных случаях – нужно лишать лицензии». Такое задание было дано директору департамента образования Серику Мауленулы, сообщает пресс-служба ЕНУ им. Л.Н. Гумилева.

Подготовку журналистов должны осуществлять только два вуза Казахстана, считает глава Минобразования.



 

Обновлено 22.11.2014 10:42
 

Авторизация

2017
Январь
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031     

Контакты

Декан факультета журналистики и политологии Сак Кайрат Омирбаевич,
к.ф.н., профессор ЕНУ, академик Международной Евразийской Академии телевидения и радио, академик Академии журналистики РК.
Адрес: 010008 г. Астана,
ул. Янушкевича, 6,
учебный корпус №4
Телефон: +7 (7172) 709534, вн. 35206
E-mail: sak_ko@enu.kz
www.fjp.enu.kz

Присоединяйтесь!

Наши партнеры

Copyright © 2017. Факультет Журналистики и Политологии. Powered by Joomla