ҚазақшаРусскийEnglish (United Kingdom)
News Feeds:
«Тәуелсіздікке тағзым» атты шығармашылық байқау өтеді PDF Печать E-mail
Автор: Administrator   
29.11.2016 05:47

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті қоғам қайраткері, белгілі журналист, ғұлама ғалым, ұлағатты ұстаз  Ақселеу Сланұлы Сейдімбектің туған күні қарсаңында Журналистика  және саясаттану факультеті университеттің білім алушылары арасында   «Тәуелсіздікке тағзым» атты шығармашылық байқау өткізеді

 

БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІ

Байқаудың мақсаты:

  • мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру;
  • жастардың көркем әдебиет пен көсемсөз бағытындағы шығармашылық ізденісін арттыру;
  • өзіндік жазу өрнегі бар жас ақындар мен жазушы, көсемсөзшілердің шығармашылық деңгейін анықтау;
  • шығармашылығымен танылып жүрген жастарға қолдау көрсету;
  • ұлы дала тарихы мен мәдениеті, ұлттық салт-дәстүр, ұлттық болмыс мәселелеріне арналған шығармаларды насихаттау.

Байқау шарттары:

— байқауға барлық факультеттен үміткерлер қатыса алады;

— байқауға еркін тақырыпта жазылған шығармалар ұсынылады;

— байқауға ұсынылған жұмыстар санына шектеу қойылмайды;

— әдеби журналдарға, басқа байқауларға ұсынылған шығармалар және талапқа сай келмейтін үміткерлердің шығармалары қабылданбайды;

— үміткерлердің байқауға ұсынған шығармалары қайтарылмайды және пікір берілмейді;

— ұсынылған шығармалар жазбаша және электрондық нұсқада Microsoft Word файлды форматы түрінде (14 кегльде (шрифт), жол арасы 1 интервал, Times New Roman) қарпімен жіберіледі;

Барлық тіркелген шығармаларды байқаудың  қазылар алқасы алдын ала қарап, қатысушылардың өнеріне талдау жасайды және бағалайды.

Үміткерлердің шығармаларын бағалау кезінде:

  • ұсынылған шығармалар тақырыбының байқау мақсатына сәйкестігіне;
  • шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнына;
  • туындының көркемдік сапасына;
  • автордың сөз саптау мәнері, стильдік ерекшелігіне назар аударылады.

Байқауға қатысушылар алғыс хаттармен, байқау жүлдегерлері дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Байқауға қатысу үшін үміткердің тапсырыстары (аты-жөні,  оқу орны, байланыс телефондары көрсетіле отырып, жеке куәлігінің көшірмесімен қоса) А4 форматындағы конвертке салынған шығармасы (қазақ немесе орыс тілдерінде электронды және қағаз нұсқасы) 2016 жылғы 5 желтоқсанға дейін №4 оқу ғимаратының 211-кабинетінде (Янушкевич көшесі6-үй, тел. 35-209, 35-207) қабылданады.

 

Авторизация

2017
Февраль
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728     

Контакты

Декан факультета журналистики и политологии Сак Кайрат Омирбаевич,
к.ф.н., профессор ЕНУ, академик Международной Евразийской Академии телевидения и радио, академик Академии журналистики РК.
Адрес: 010008 г. Астана,
ул. Янушкевича, 6,
учебный корпус №4
Телефон: +7 (7172) 709534, вн. 35206
E-mail: sak_ko@enu.kz
www.fjp.enu.kz

Присоединяйтесь!

Наши партнеры

Copyright © 2017. Факультет Журналистики и Политологии. Powered by Joomla