ҚазақшаРусскийEnglish (United Kingdom)
News Feeds:
А. Сейдімбеков атындағы жас ақындар мен жазушылардың, көсемсөз шеберлерінің байқауы өтеді PDF Печать E-mail
Автор: Administrator   
03.11.2016 05:29

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2016 жылғы 18 қарашада Ақселеу Сейдімбеков атындағы жас ақындар мен жазушылардың, көсемсөз шеберлерінің (қазақ және орыс тілді) облыстық әдеби-шығармашылық байқауын өткізеді.

 

БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІ

Байқаудың мақсаты:

o мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру;

o көркем әдебиет пен көсемсөз жанрын жандандыру;

o өзіндік жазу өрнегі бар жас ақындар мен жазушыларды, көркемсөз шеберлерін анықтау;

o шығармашылығымен танылып жүрген жастарға қолдау көрсету;

o ұлы дала тарихы мен мәдениеті, ұлттық салт-дәстүр, ұлттық болмыс мәселелеріне арналған

o шығармаларды насихаттау.

Байқау шарттары:

— байқауға 16 – 35 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады;

— байқауға еркін тақырыпта жазылған шығармалар ұсынылады;

— байқауға ұсынылған жұмыстар санына шектеу қойылмайды;

— әдеби журналдарға, басқа байқауларға ұсынылған шығармалар және талапқа сай келмейтін үміткерлердің шығармалары қабылданбайды;

— үміткерлердің байқауға ұсынған шығармалары қайтарылмайды және пікір берілмейді;

— осы байқауда бұған дейін бас жүлде алған жеңімпаздар қатыса алмайды;

— ұсынылған шығармалар жазбаша және электрондық нұсқада Microsoft Word файлды форматы түрінде (14 кегльде (шрифт), жоларасы 1 интервал, Times New Roman) қарпімен жіберіледі;

— қатысушылардың жол ақысын жіберуші жақ немесе қатысушының өзі төлейді.

Барлық тіркелген шығармаларды байқаудың қазылар алқасы алдын ала қарап, қатысушылардың өнеріне талдау жасайды және бағалайды.

Үміткерлердің шығармаларын бағалау кезінде:

 ұсынылған шығармалар тақырыбының байқау мақсатына сәйкестігіне;

 шығарманың тақырыптық — идеялық мазмұнына;

 туындының көркемдік сапасына;

 автордың сөз саптау мәнері, стильдік ерекшелігіне назар аударылады.

Байқауға қатысушылар алғыс хаттармен, байқау жүлдегерлері дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен және аталған жанрларда ерекше көзге түскен үміткер Ақселеу Сейдімбеков атындағы арнайы жүлдемен марапатталады.

Арнайы жүлде біреу – 100 000 (жүз мың) теңге

І орын үшеу – 60 000 (алпыс мың) теңгеден

ІІ орын үшеу — 50 000 (елу мың) теңгеден

ІІІ орын үшеу – 30 000 (отыз мың) теңгеден

Байқауға ат салысып, қосымша қолдау білдіреміз деген азаматтар болса қарсылық болмайды.

Байқауға қатысу үшін үміткердің тапсырыстары (аты-жөні, жұмыс немесе оқу орны, байланыс телефондары көрсетіле отырып, жеке куәлігінің көшірмесімен қоса) А4 форматындағы конвертке салынған шығармасы (қазақ немесе орыс тілдерінде электронды және қағаз нұсқасы) 2016 жылғы 12 қарашаға дейін Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында (Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 34 үй, тел. 567476, 569348-ф) қабылданады.

 

 

 

Авторизация

2017
Январь
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031     

Контакты

Декан факультета журналистики и политологии Сак Кайрат Омирбаевич,
к.ф.н., профессор ЕНУ, академик Международной Евразийской Академии телевидения и радио, академик Академии журналистики РК.
Адрес: 010008 г. Астана,
ул. Янушкевича, 6,
учебный корпус №4
Телефон: +7 (7172) 709534, вн. 35206
E-mail: sak_ko@enu.kz
www.fjp.enu.kz

Присоединяйтесь!

Наши партнеры

Copyright © 2017. Факультет Журналистики и Политологии. Powered by Joomla